Баспалдақ, Ақтөбе – Қарағанды облысы Шет ауданындағы өзен, Нұра алабында орналасқан. Ұзындығы 43 км, су жиналатын алабы 321 км2. Бастауын Қызылқұрт тауының оңтүстігінен алып, Шерубайнұра өзеніне құяды. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Сәуір – мамыр айларында тасиды. Суы шабындықтар мен жайылымдарды суландыруға пайдаланылады.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы өзендері