Барақкөл – Торғай алабындағы тұйық көл.
Географиялық орны Ұлытау облысында Ұлытау ауданының солтүстігінде, Арғанаты тауының орта тұсындағы қазаншұңқырда орналасқан.
Гидрографикасы Аумағы 12 км2, тереңдігі 2,9 м. Жылдық су деңгейінің ауытқуы 0,5 м. Суының минералдығы 1,33 г/л. Негізінен жауын-шашын суымен толысады. Қарашаның басында суы қатып, сәуір айында мұзы ериді. Көл мал суаруға пайдаланылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы көлдері Санат:Торғай су алабы