Балықты – Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының солтүстік-шығысындағы тұйық көл. Талдықұдық ауылының оңтүстік-шығысында 27 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 10,8 км2, ұзындығы 5,5 км, ені 2,7 км. Қараша айының бірінші жартысында суы қатып, сәуірдің басында мұзы ериді. Көктемде қар суымен молайып, жаздың ыстық кезінде тартылып қалады. Суы тұщы. Малға суат есебінде пайдаланылады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Казталов ауданы көлдері