Бабатай – Ойыл алабындағы өзен.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Қобда, Ойыл аудандарының жерімен ағады. Ұзындығы 59 км, су жиналатын алабы 856 км².
Бастауы Әбді тауының шығыс беткейінен басталып, Бабатай аулының тұсында Ойыл өзеніне құяды.
Гидрологиясы 27 саласы бар. Өзен қар, жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Желтоқсанның 1-онкүндігінде суы қатып, сәуірдің басында мұзы ериді. Жайылымдарды көлдетіп суғаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ойыл су алабы өзендері Санат:Қобда ауданы өзендері Санат:Ойыл ауданы өзендері