Аяқбұлдырық – Сарысу өзенінің төменгі бойындағы тау.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданының оңтүстігінде, батыстан шығысқа қарай 25 км-ге созылып жатыр, ені 10-12 км.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 261 м. 2 шоқыдан (Аяқбұлдырық, Басбұлдырық) тұрады. Оңтүстік беткейінен Бұлдырық бұлағы басталады.

Өсімдігі Шөл өсімдіктері (сарысояу, баялыш) өседі. Мал қыстатуға пайдаланылады.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы таулары