Ащышиөзек – Түндік өзенінің оң саласы.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы жерімен ағып өтеді.

Бастауы Арқалық тауының оңтүстік-батыс беткейіндегі бұлақтан басталады.

Гидрологиясы Ұзындығы 80 км. Бастапқыда Тоқтысу, орта ағысы Шабасшиөзек, төменгі ағысы Ащышиөзек деп аталды. Таулы-тасты жерді жарып өтеді. Қарашада суы қатып, сәуірде мұзы ериді. Ащыөзек жайылмасы шөбі шүйгін шабындықтар.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы