Ащыайрық – Ертіс алабындағы өзен, Ащысу өзенінің оң саласы.

Географиялық орны Абай облысы Абай ауданы Арқат тауларының оңтүстігінен ағады.

Гидрологиясы Ұзындығы 50 км. Жағасы жоғарғы ағысында жарқабақты, сәл ирелең, аңғары кең. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толығады. Суы жазда тартылып қалады. Өзен аңғарында суы тұщы құдықтар бар.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Абай ауданы (Абай облысы) өзендері Санат:Ертіс су алабы