Атыжоқ – Сарқырама өзенінің оң саласы.
Географиялық орны Ақмола облысы Сандықтау ауданы жерінде. Ұзындығы 51 км.
Бастауы Бастауын Сандықтау кентінің оңтүстік-шығысынан алады. Аудан жерін солтүстіктен оңтүстікке қарай ағып өтеді.
Гидрологиясы Жоғарғы және төменгі ағыстарында аңғары анық емес. Ортаңғы ағысында аңғары тарыла бастайды. Қар, жер асты суларымен толығады. Сәуірдің 1-онкүндігінде тасиды. Суы шаруашылық қажеттілігіне пайдаланылады. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Сандықтау ауданы өзендері