Атамбай-Сарытөбе мұнай кен орны — Маңғыстау облысы Қарақия ауданында орналасқан. Іздестіру жұмыстары 1989 жылы басталып, кен сол жылы ашылды.
Геологиялық құрылымы Ортаңғы триас шөгінділерінен орын алған, шағылдырушы қабат бойынша, құрылым тектоникалық тілікке түйіскен екі жарты күмбезді қамтиды. Мұнай иірімі 4092 м тереңдікте жатыр. Коллекторы аралас, карбонатты, ашық кеуектілігі 17%, өткізгіштігі 0,244 мкм2. Өнімді қабаттың жалпы қалыңдығы 13,4 м, тиімді және мұнайға қаныққан қалыңдығы 6,7 м. Иірімнің ауданы 7,3 км2, биіктігі 75 м.
Құрамы Мұнай жеңіл, тығыздығы 815 кг/м3. Қабат мұнайының газдылығы 129,8 м3/т, газдық факторы 118 м3/м3.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мұнай кен орындары Санат:Маңғыстау облысы кен орындары