Арсенопирит , күшәла колчеданы – сульфидтер класының минералы. Химиялық формуласы: FeAsS. Құрамында кобальт, никель, алтын, т.б. қоспалар болады. Кристалдары қысқа призма немесе ұзын шыбық тәрізді, агрегаттары ұсақ түйіршікті болып келеді. Қаттылығы 5,5 – 6, морт сынғыш, меншікті салмаға 5,9 – 6,2 г/см³. Жоғарғы температуралы минералдар қатарында гидротермальды желілерде қалыптасады. Арсенопирит – күшәла өндіретін негізгі кентас.Қазақ энциклопедиясы I том

Сілтемелер Аргентит Апатит Калий

Сыртқы сілтемелер Арсенопирит на Кристаллов.NET Арсенопирит в базе webmineral.com Дереккөздер

Санат:Күшән минералдары Санат:Темір минералдары Санат:Сульфид минералдар