Иран ( ), 1979 жылдан бастап Иран Ислам Республикасы (; Джомхури-йе Эслами-йе Иран) — Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Астанасы — Тегеран қаласы.
Батысында Иракпен, солтүстік-батысында Әзербайжан, Армения, Түркиямен, солтүстігінде Түрікменстанмен, шығысында Ауғанстан және Пәкістанмен шектеседі. Иран солтүстіктен Каспий теңізімен, оңтүстіктен Үнді мұхитының Парсы және Оман шығанақтарымен қоршалған.
Ғасырлар бойы бұл ел Шығыста шешуші рөл атқарды, ал қазіргі Иран ислам әлемінде ЖІӨ (АҚТ) экономикасы бойынша төртінші, Батыс Азияда екінші орында (Түркиядан кейін). Иран — аймақтағы технология жағынан ең дамыған мемлекеттердің бірі. Иран Еуразияның стратегиялық маңызды аймағында орналасқан және мұнай мен табиғи газдың үлкен қорына ие.
Жер көлемі 1,648 миллион шаршы километр. Халқы 83,1 миллион адам. Халқының ұлттық құрамы: парсылар (51%), әзербайжандар (27%), күрдтер (5%), арабтар, түрікмендер, белудждер, армяндар, еврейлер, т.б. Ірі қалалары: Тегеран (айналасын қосқанда 14 миллионнан астам тұрғыны бар), Машһад (2,5 миллион), Исфаһан (1,6 миллион), Тебриз (1,4 миллион), Кередж (1,3 миллион), Шираз (1,2 миллион). Ресми тілі — парсы тілі. Бұл діни мемлекеттің мемлекеттік діні — ислам дінінің шиит тармағы. Елдегі саяси және діни билік аятолла Моджтаба Хаменеидің қолында. Президент 4 жылға сайланады және Министр Кабинетін басқарады. Жоғарғы заң шығарушы орган — Исламдық ақылдастық кеңес (Меджлис) атты бірпалаталы парламенті, 4 жыл сайын сайланып отыратын 290 депутаттан тұрады. 1981 жылғы конституциясы бойынша, елде саяси және діни емес ұйымдарға тыйым салынған. Ұлттық мейрамы 11 ақпан — Төңкеріс күні (1979). Ұлттық ақша бірлігі — риал.
Этимологиясы нобай|оңға|I Ардашир (224–242) бейнеленген барельеф, Накше-Рустам, жазуы: «Бұл — Иран патшасы Ардашир мырза Маздақұлдың бейнесі» «Арилер елі» деген мағынасы бар Иран термині III ғасырдағы Накше-Рустам жазбасында алғаш рет, ирандықтарға бағытталған Aryān парфия сөзімен қатар жүрген орта парсы тілінің Ērān сөзінен шыққан. Ērān және Aryān — прото-иран тілінен *arya- («ари» дегенді білдіреді, яғни ирандықтардың) шыққан ēr- (орта парсы) және ary- (парфян) текті этнохоронимдердің көпше түрі. Бұл сөз көне иран тіліне атаүндіеуропа тіліндегі *ar-yo- сөзінен шыққан және ол тілде бұл сөз '(шеберлікпен) жинайтын'ды білдіреді деген түсінік бар.Laroche, 1957 Иран мифологиясына сүйенсек, бұл атау аты аңызға айналған патша шыққан.
Грек тарихшылары бүкіл Иранды Persis деп атағандықтан, Батыстық өркениет де, қазақ халқы да Иранды Парсы елі (Persia, Персия) деп атап жүрген еді. Персия — Иранның оңтүстік-батысындағы, елдегі ауданы бойынша төртінші облыс, Фарс облысының басқа атауы, ол сонымен қатар Pârs деп аталады. Парсының Fârs (فارس) сөзі бұрынғы Pârs (پارس) сөзінен келген еді және ол көне парсының Pârsâ (𐎱𐎠𐎼𐎿) сөзінен шыққан. Фарс аумағы тарихи маңызының себебінен бұл бүкіл аумақты гректер шамамен б.з.д. 550 жылдан бастап атап жатты да, батыстықтар бұл елді Persia деп атап кетті. Бұл атау 1935 жылға дейін қолданыста болды, бұл кезде Реза Шаһ халықаралық қауымдастықтан елдің түпнұсқа атауымен аталғанын сұраған еді; ирандықтар өз елін б.з.д. 1000 жылдан бері атап келгені белгілі.
Географиясы Табиғаты Иран Армян таулы үстіртінің оңтүстік-шығысы мен Иран таулы қыратының батыс бөлігінде орналасқан. Шет жақтарында Солтүстік Иран (Эльбурс), Оңтүстік Иран (Загрос, Мекран), Шығыс Иран (Серхед, Пеленган, Келат, Баран) таулары, ортасында Кухруд жотасы, Деште-Кевир, Деште-Лух шөлдері орналасқан. Солтүстік-батысын Оңтүстік Каспий және Кура-Аракс ойпаттары, солтүстік-шығысын Горган жазығы алып жатыр. Жері, негізінен, таулы. Климаты субтропиктік, континенттік, жазы ыстық, қысы солтүстігінде салқын, оңтүстігінде жылы. Парсы және Оман шығанақтары жағалауларының климаты тропиктік.
Қаңтардағы орташа температура 2°С-тан 19,4°С-қа дейін, шілде айында 29,4–32,5°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 500 мм. Эльбурс тауы беткейінде 2000 мм, Систан ойысында 50–60 мм. Жер беті суы аз. Ірі өзендері — Карун, Сефид-Руд, Гильменд, Қиыр солтүстігінде Атрек, Аракс өзендері бар. Таулы аудандарда көптеген көлдер кездеседі. Жері сары, қоңыр және қызғылт топырақты. Тау беткейлері орманды, өзендер бойы шалғын, ішкі аудандары шөл, шөлейт. Иран жерінде сүтқоректілердің 100-ге тарта, құстардың 400-ге жуық, бауырымен жорғалаушылардың 80-ге жуық түрі бар. Шектес теңіздері балыққа бай. Пайдалы қазындылары: мұнай, газ, тас көмір, темір, хромит, т.б..
Климаты Иранның климаты құрғақ бастап арид, елдің басым аумағына тән, Каспий теңізінің жағалауы бойындағы субтропикалық және солтүстік орман алқаптарында. Қыс мезгілінде температура сирек 0 °C-тан төмен түседі, жазғы сирек 29°С артық Каспий маңындағы батыста орташа жылдық жауын-шашын 1700 мм және шығысында 680 мм. Иранның батысында, қыста Загрос тауларында температура әрдайым 0 °C төмен, қатты қармен және күшті желмен сипатталады. Елдің орталық және шығыс аймақтарында климат орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 200 миллиметрден кем, орташа жазғы температура 38 °C жоғары болады. Оман Парсы шығанағы бойымен жазық және қысқы негізінен жұмсақ, бойынша, және жазда — ыстық және ылғалды. Орташа жылдық жауын-шашын — 135–355 мм.
Тарихы
Алғышарттары нобай|оңға|Дур-Унташ, б.з.д. 14 ғасыр, Әлемдік мұра; зиккурат, ең жақсы сақталған сатылы пирамидалық ескерткіш. Археологиялық артефактілер адамның Иранда төменгі палеолит дәуірінен бері болғанын растайды. Загрос тауларының аймағында неандерталдық артефактілер де табылды. Біздің заманымызға дейінгі 10–7-мыңжылдықтарда Загрос аймағының төңірегінде түрлі ауылшаруашылық қауымдастықтары өркендеді. Иран үстіртінде біздің дәуірімізге дейінгі 4-мыңжылдықтағы көне мәдениеттерден қалған орындар да бар.
Қола дәуірі кезінде бұл аймақ Иран өркениетінің мекені болды, соның ішінде Элам, Джирофт және т.б. мәдениеттер де болған. Ең көрнектісі, Элам атты мәдениет Иран империяларына дейін жалғасты. Эламда жазудың пайда болуы Шумермен параллель болды; эламдық сына жазуы б.з.б. үшінші мыңжылдықта дамыды. Элам энеолит дәуіріндегі Таяу Шығыстың ерте урбанизациясына үлкен әсер етті. Біздің заманымызға дейінгі XXXIV–XX ғасырлар аралығында солтүстік-батыс Иран көрші Кавказ мен Кіші Азияға дейін созылып жатқан Кура-Аракс мәдениетінің бір бөлігі болды.
Ежелгі Иран
нобай|оңға|Экбатана (Хамадан) б.з.д. 678 жылы Мидия империясы негізін салушысы Дейок таңдаған Иранның тұңғыш астанасы болған еді.
Б.з.д. II мыңжылдыққа қарай ежелгі иран тайпалары Еуразия даласынан жергілікті халықтармен бәсекелесе келген. Ирандықтар Үлкен Иранға тарап кеткенде, аумақты мидиялық, парсы және парфиялық тайпалар басқарып жатқан еді. Біздің заманымызға дейінгі X–VII ғасырларда ирандық халықтар Иранға дейінгі патшалықтармен бірге Месопотамияда орналасқан Ассирия империясының қол астына өтті. Мидиялықтар мен парсылар вавилониялық басшы Набопаласармен бірге одақтасып, ассириялықтарға шабуыл жасады. Б.з.д. 616–605 жылдары Ассирия азамат соғысы себебінен қатты зардап шекті де, халқы ассириялықтардың үшғасырлық билігінен бос болды. Ассириялықтардың Загросқа араласуы б.з.д. 728 жылы мидиялықтардың Дейок айналасында бірігуіне әкелді де, Мидиялық Корольдіктің және оның астанасы Экбатана негізінің салынуына әкелді, осы жол арқылы Иран б.з.д. 625 жылы тұңғыш рет бірыңғай мемлекет болды. Б.з.д. 612 жылға қарай мидиялықтар, вавилондықтармен бірігіп, Ассириялық империяға қарсы төңкеріс жасады. Осылайша Урарту патшалығы жоқ болды.
Б.з.д. 550 жылы Ұлы Кир мидиялықтардың соңғы патшасы Астиагқа қарсы жеңеді да, мидиялық жерді жаулап, Ахемен империясының негізін салды. Кир мен оның ізбасарлары тұсында бұл империяны Лидия, Вавилон, Мысыр, Шығыс Еуропаның бірнеше бөлігі және Үнді мен Әмудария өзендерінің батысына жатқан жеріне дейін созылды. Б.з.б. 539 жылы парсының күштері Упи қаласында вавилондықтарға қарсы жеңді де, Жаңававилон патшалығы арқылы жүрген месопотамиялықтардың төртғасырлық билігін аяқтады. Б.з.б. 518 жылы I Дарий сол заманда әлемдегі ең ірі империя болған, әлемдегі халықтың 40% билік еткен Ахемен империясының салтанатты астанасы ретінде Персеполис қаласының негізін салды. Империяда орталықтандырылған бюрократия, көпмәдениеттілік, өзінің жол, пошта жүйесі, ресми тілдердің қолданысы, мемлекеттік қызмет пен ірі, кәсіби армияның сәтті үлгісі болды. Ол кейінгі империялардың ұқсас басқаруына үлгі болды. Б.з.д. 334 жылы Ескендір Зұлқарнайын ахеменнің соңғы патшасы III Дарийге қарсы жеңді де, Персеполисті өрттеп жіберді. Б.з.д. 323 жылғы Ескендірдің өлімінен кейін Иран Селевки мемлекетінің құрамына кіріп, бірнеше эллинистік мемлекетке бөлініп қалды.
Иран Селевки басқаруында б.з.д. 250–247 жылдарға дейін болды да, Парфияның жергілікті халқы Парфияны солтүстік-шығыста азат етті де, селевкилерге қарсы көтеріліп, Парфия патшалығының негізін салды.
Бес ғасырға созылған парфиялық биліктен кейін азамат соғысы басқыншылықтан гөрі тұрақтылық үшін қауіптірек болды. Парфия билеушісі I Ардашир, V Артабанды өлтіріп, 224 жылы Сасани империясының негізін қалаған кезде Парфия билігі буланып кетті. Сасанидтер мен олардың бақталасы римдік-византиялықтар төрт ғасыр бойы әлемде үстемдік етті. Кейінгі ежелгі дәуір Иранның ең ықпалды кезеңдерінің бірі болып шықты, оның әсері ежелгі Римге, Африкаға, Қытай мен Үндістанға жетіп, Еуропа мен Азиядағы ортағасырлық өнерінде үлкен рөл атқарды. Сасанилердің билігі күрделі бюрократиямен ерекшеленетін биік нүктеде болды және зороастризмді заңдастырушы және біріктіруші күш ретінде жандандырды.
Ортағасырлық тарихы және Ирандық интермеццо
Мұсылмандардың ертедегі жаулап алуларынан кейін Сасани өнерінің, сәулетінің, музыкасының, әдебиеті мен философиясының ислам мәдениетіне әсері ирандық мәдениетті, білім мен идеяларды Ислам әлеміне таратты. Византия–Сасани соғыстары мен Сасани империясының ішіндегі қақтығыстардан шыққан бытыраңқылық VII ғасырда арабтардың шапқыншылығына жол берді. Империяны Тақуа халифат талқандады да, орнына Омейяд халифаты, одан кейін Аббаси халифаты келді. Одан кейін Иранның зороастриттік көпшілігін нысанаға алған исламдандыру басталды; ол діни қудалауды,Stepaniants, Marietta (2002). "The Encounter of Zoroastrianism with Islam". Philosophy East and West. 52 (2). University of Hawai'i Press: 159–172. doi:10.1353/pew.2002.0030. ISSN 0031-8221. JSTOR 1399963. S2CID 201748179. кітапханалардың және храмдардың бұзылуын, салық салынуын ("джизья") және тіл өзгерісін қамтитын.
750 жылы аббасилер омейядтарды биліктен құлатты. Араб мұсылмандары мен парсылар көтерілісшілер әскерін құрады, оны парсы Әбу Муслим біріктірді. Олардың билік үшін күресінде қоғам космополиттік сипатқа ие болды. Арабтардың орнын парсылар мен түріктер басты. Шенеуніктердің иерархиясы пайда болды, бірінші парсы, кейін түрік бюрократиясы аббасидтердің беделі мен билігін біржола төмендетті. Екіғасырлық араб билігінен кейін құлдырай бастаған Аббаси халифатының шетіндегі үстіртте ирандық мұсылман әулеттері пайда болды. Ирандық интермеццо деп арабтар билігі мен "Сунниттік қайта жаңғыру" делінетін селжүктер билігінің басы арасындағы уақытты атайды. Интермеццо исламдық формада Иранның ұлттық рухы мен мәдениетін және парсы тілін жаңғыртты. Осы заманғы әдебиеттің ең маңыздысы — ұлттық эпос, Әбілқасым Фирдаусидің Шахнамасы.
Гүлденген әдебиет, философия, математика, медицина, астрономия және өнер Ислам алтын ғасырының негізгі элементтеріне айналды. Бұл алтын ғасыр X–XI ғасырларда, Иран ғылыми қызметтің «басты сахнасы» болған кезде шарықтау шегіне жетті. X ғасырда Орталық Азиядан Иранға түркі тайпаларының жаппай қоныс аударуы болды. Түркі тайпалары бастапқыда Аббасилер әскерінде мәмлүктер (құл-жауынгерлер) ретінде пайдаланылды және айтарлықтай саяси билікке ие болды. Иранның бөліктерін Селжүк және Хорезм империялары басып алды. Түркі билеушілерінің Иран мәдениетін қабылдауы нәтижесінде ерекше пайда болды.