Ақшаадыр – Солтүстік Балқаш маңындағы ұсақ шоқылы тау массиві.

Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданында. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, ені 4 км. Ең биік жері 586 м.

Жер бедері Шатқал, сайлармен тілімденген бірнеше ұсақ шоқылар мен жеке тау массивтерінен тұрады. Орталық бөлігінде тұщы сулы Сорбақ құдығы бар.

Геологиялық құрылымы Силур жүйесінің жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Сортаңды сұр және қоңыр топырақ жамылғысында жусан, баялыш, көкпек өседі. Баурайы күзгі-көктемгі жайылым.Қазақстан Республикасының табиғаты туралы энциклопедия, V- томҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Шет ауданы таулары