Ақтайлақ – Солтүстік Балқаш алабындағы өзен.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы және Ақтоғай аудандары жерінде. Ұзындығы 89 км, су жиналатын алабы 1370 км2.
Бастауы Қарқаралы ауданындағы Кешубай тауынан бастау алады. Қусақ өзеніне жетпей, Қошқар ауылының маңында сарқылып қалады.
Гидрологиясы Өзен бастауы Қазанғап (кісі есімі) болып, ал төменгі сағасы Ақтайлақ (белгілі қазақ биінің есімі) аталады. Ақтайлаққа Сарықұрақ, Құрөзек салаларынан басқа, ұзындығы 10 км-ден аспайтын 26 жылға құяды. Өзен қар, жер асты суларымен толығады. Мал жайылымдарын суландыруға пайдаланылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Балқаш су алабы Санат:Қарқаралы ауданы өзендері Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) географиясы