Ақсеңгір тауы – Ұлытау тау жүйесінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тау.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Борсеңгір ауылының оңтүстік-шығысында 5 км жерде. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 20 км-ге созылып жатыр, ені 5 км. Ең биік жері 431 м (Үңгірлісай).

Жер бедері, геологиялық құрылымы Ұсақ шоқылы 2 тау массивінен тұрады. Тас көмір жүйесінің төменгі тау жыныстарынан түзілген. Оңтүстік беткейінен Сарысу өзеніне оң жағынан құятын 5 өзен бастау алады.

Өсімдігі Сортаңдау қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, сұлыбасы, бұталар өседі. Жазғы жайылым және қыстау ретінде пайдаланылады.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы таулары