Ақкісі – Байқожа өзенінің оң жағалауындағы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, аудан орталығы Қарқаралы қаласының оңтүстік-батысына қарай 50 км жерде орналасқан. Ол бірнеше шыңдардан тұрады. Ең биік жері 1140 м. Батыстан шығысқа қарай 6-7 км-ге созылып жатыр, ені 1-2 км.
Жер бедері, геологиялық құрылымы Көп бөлігінің түпкі жыныстары жалаңаштанған, тік беткейі сай-жыралармен тілімденген. Орта және жоғары тас көмір гранитоидтарынан түзілген.
Өсімдігі Таудың қызыл қоңыр, сазды және саздауыт топырағында жусан, тобылғы, бетеге, түрлі шөптер, қараған бұталары өседі. Етегінде көптеген бұлақтар бар.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы таулары