Алакөл – Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Алакөл қыстауының солтүстік-батысында 2 км-дей жердегі көл.
Гидрографикасы Аумағы 5,5 км2. Көл теңіз деңгейінен 84,6 м биіктікте жатыр. Ұзындығы 3,7 км, енді жері 2,2 км, жағалау бойының ұзындығы 11,0 км. Ақкөл Өлкейек өзенінің аңғарында жатқан Алакөл көлдер тобына кіреді. Көктемгі қар, жауын-шашын кезінде жанындағы көлдермен бірігіп кетеді. Сәл кермек татитын суы мал суаруға, шабындықты суландыруға пайдаланылады. Жаз айларында құрғап, батпаққа айналады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Ырғыз ауданы көлдері Санат:Торғай су алабы