Ақжар гипс кен орны - Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Қарғалы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 10 км жерде, Қарғалы өзенінің оң жағалауында орналасқан.
Геологиялық құрылымы Кен орны Жылантау брахиантиклиналына ұштасқан. Қатпарлары 4 қабаттан тұратын гипс 4,0-14,0 м-ге дейінгі тереңдікте. Сапасына қарай бұл шикізат ауыл шаруашылығы үшін ұнталған гипс өндіруге жарамды А класына жатады. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақтөбе облысы кен орындары