Айыртау (2007 жылға дейін – Завидное)Шығыс Қазақстан облысы Жарма, Үржар, Бесқарағай, Ұлан аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылыстарына өзгерістер енгізу туралы — Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы ауыл, Айыртау ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Қасым Қайсенов кентінен оңтүстік-батысқа қарай 20 км-дей жерде, Ұлан өзенінің сол жағалауында, Қалба тауының солтүстік баурайындағы орманды-шоқылы дала белдемінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен23521791 1769 98,8 883 931 105,4 908 838 92,3

Тарихы Іргесі 1914 жылы қаланған. 1930 жылдың басында ұжымшар орталығы, 1954 жылдан “Передовой” астық кеңшарының орталығы болды. 1997 жылдан кеңшар негізінде 29 шаруа қожалықтары мен 2 серіктестік ұйымдастырылды.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, дәрігерлік амбулатория бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Ұлан ауданы елді мекендері