Айғыржал – Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының солтүстігіндегі тау массиві. Жаңаарқа кентінен солтүстік-батысқа қарай 30 км-ге созылып жатыр, ені 7 км. Ең биік жері 803 м (Омарбек).

Геологиялық құрылымы Тау массиві тас көмір жүйесі мен протерозойдың гранитті интрузивтерінен түзілген.

Жер бедері Беткейлері жайдақ, тегіс болып келеді. Солтүстік беткейінен Құланөтпес өзені, оңтүстігінен Сарысу өзенінің салалары бастау алады.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырағында жусан, боз, бетеге, бұталар өседі. Беткейлері жайылымдыққа, шабындыққа кеңінен пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жаңаарқа ауданы таулары