Қараағаш — Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы, Қараағаш ауылдық округінің құрамында болған орманшар, 2025 жылы таратылған.Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы
Географиялық орны Терісбұтақ өзенінің аңғарыңдағы орманды алқапта, Жаңаарқа кентінің солтүстік-батысында 56 км-дей жерде орналасқан.
Тарихы Қараағаш көне дәуір ескерткішіне өте бай тарихи аймақ. Кеңес дәуіріне дейін «Шонның Қараағашы» деп аталған. Іргесі Мойынсерік негізінде 1930 жылы қаланған. Округ құрамында 20 ғасырдың 30-жылдары Ынталы, Қосшоқы, Қараағаш ұжымшарлары ұйымдастырылды. 1934 жылы 7-ауыл аталып, Қараағаш ауылдық кеңесі құрылды. 1962 жылы «Дружба» кеңшарынан «Рассвет» кеңшары болып бөлініп шықты. 1960-1990 жылдары осы кеңшардың және ауылдық кеңестік орталығы болды. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары — мал, егін шаруашылығы болды. Жерінің жалпы ауданы 48, 9 мың га. Кеңшар негізінде 59 шаруа қожалығы құрылған (2006).
Халқы Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 111 адам (63 ер адам және 48 әйел адам) болса, 2009 жылы 108 адамды (51 ер адам және 57 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 108 адамды (55 ер адам және 53 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Инфрақұрылымы Округтің елді мекендерінде 2 мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, кітапхана, басқа да мәдени-тұрмыстық мекемелер бар.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Жаңаарқа ауданының таратылған елді мекендері