Қалғанкөл – Ақсу алабындағы көл.

Географиялық орны Жетісу облысы Сарқан ауданы Мұқан Төлебаев ауылынан батысқа қарай 12 км жерде, Ақсу өзенінің сағасында орналасқан. Теңіз деңгейінен 349 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 8,1 км2, ұзындығы 6,4 км, енді жері 1,7 км, жағалау бойының ұзындығы 19 км. Батысында Балқаш көлінің Қоқан шығанағы жатыр. Ескі арналық көл болғандықтан, негізінен, Ақсу өзенінің суымен толысады. Шарасында жыл бойы су болады.

Жағалау сипаты Жағалауы жайпақ, оны түгелдей дерлік қамыс басқан. Балығы мен суын Лепсі балық шаруашылық кәсіпорны (Мұқан Төлебаев аулында) пайдаланады. Көктем айларында көлемі мен аумағы ұлғайып, батысында Қоқан шығанағымен ұласып кетеді.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Сарқан ауданы көлдері Санат:Балқаш су алабы