Қайыңдышоқы – Арғанаты тауларының солтүстік-батысындағы шоқылы тау.
Географиялық орны Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігі аумағына қарасты және Ұлытау облысы Ұлытау ауданының шекарасында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 568 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 10 км-ге созылған, енді жері 7 км шамасында.
Жер бедері Беткейі көлбеуленіп жазыққа ұласады. Қайыңдышоқы тауынан Бала Терісаққан, Түйемойнақ өзендері бастау алады. Солтүстігінде Қушоқы, шығысында Ақадыр, оңтүстігінде Ақтас таулары орналасқан.
Өсімдігі Карбонатты қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, боз, селеу, жұлдызшөп, бұталар өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Арқалық қалалық әкімдігі таулары Санат:Ұлытау ауданы таулары