Қазы – Ертіс алабындағы көл.
Географиялық орны Павлодар облысы Аққулы ауданы, Қазы ауылынан оңтүстікке қарай 1,5 км жерде орналасқан. Көл теңіз деңгейінен 119 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 6 км2, ұзындығы 3 км, енді жері 2,7 км, жағалау бойының ұзындығы 8,9 км, тереңдігі 1,6 м, суының көлемі 5 млн. м3, суын 106 км2 жерден жинайды. Тұйық көлдің пішіні сопақша келген. Солтүстік-батыс және шығыс жағалаулары жайпақ, батпақты, оңтүстігі жарқабақты келген. Суы қатты минералданған хлорлы-натрийлі, өте кермекті. Мал суаруға жарамсыз.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Ертіс су алабы көлдері Санат:Аққулы ауданы көлдері