Кіші қызылоба – Көшім алабындағы көл.
Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Бөрік ауылынан солтүстікке қарай 5 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Аумағы 3,5 км2, ұзындығы 3,6 км, ені 1,7 км, жағалау бойының ұзындығы 19,7 км. Жағалауы жарлы келген. Суы ащы. Негізінен жауын-шашын, жер асты суларымен толысады. Суы қарашаның 1-жартысында қатып, сәуірдің ортасында ериді. Жазда құрғап қалады. Жағалауы жайылым ретінде пайдаланылады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Жаңақала ауданы көлдері Санат:Жайық су алабы өңірі