Кішкентай тастемір– Қалмаққырылған өзеннің төменгі ағысындағы қоныс. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Тастемір төбесінің бойында орналасқан. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта созылып жатыр. Жер бедері белесті-төбешікті және маңындағы Иткеткен артезиан құдығының жылғаларымен тілімденген. Солтүстігінде Киіктөбе төбесі, шығысында Ақсай қонысы, оңтүстік-шығысында Көкбұлақ бұлағы, оңтүстік және оңтүстік-батыс бөліктерінде Мойынқұм құмы орналасқан.Қазақстан Энциклопедиясы
Сілтемелер
Санат:Қазақстан қоныстары Санат:Қарағанды облысы географиясы