Күнгей қауы () – астық тұқымдасының қау туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Күнгей Алатау жотасы Саты өзінің жағалауындағы құрғақ беткейлерде өседі. Биіктігі 60 см-дей, қалың шым түзетін өсімдік. Сабағының бойына иіле орналасқан бұдыр жапырақтары қылтанды болады. Гүлшоғыры – қысыңқы, көп масақты. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, жемістенеді. Күнгей қауы – құнарлы мал азығы. Өте сирек кездесетін эндемик өсімдік. Қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.Қазақстан энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Астық тұқымдасы