Жасқайрат — Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданындағы ауыл, Күйгенкөл ауылдық округі орталығы. Бұрынғы атауы - "Күйгенкөл".
Географиялық орны Аудан орталығы — Жәнібек ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 60 км-дей жерде, өзімен аттас көлдің жағалауында, ақжусан, еркекшөп, көкпек, қаражусан өскен бозғылт-қоңыр, сортаңдау қоңыр топырақты қуаң шөлейт белдемде орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 912 адам (448 ер адам және 464 әйел адам) болса, 2009 жылы 754 адамды (358 ер адам және 396 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 671 адамды (346 ер адам және 325 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы Іргесі 1963 жылы Тайыр Жароков атындағы қой өсіру кеңшарын ұйымдастыруға байланысты қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Күйгенкөлде және округтегі Қолтабан, Құрсай, Өнеге ауылдарында өндірістік кооператив, 62 шаруа қожалығы жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы Ө.Сақыпов атындағы орта мектеп және ауылдарда бастауыш мектептер, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория мен 3 фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Жәнібек ауданы елді мекендері