Көлденеңшоқы – Арқат тауларынан оңтүстікке қарай 15 км жерде орналасқан тау.

Географиялық орны Абай облысы Абай ауданындағы оқшауланған тау.

Геологиялық құрылымы, жер бедері Тау тас көмір кезеңінің жыныстарынан түзілген. Оның бетін төрттік кезеңнің шөгінділері жапқан. Абсолюттік биіктігі 676 м. Дөңгелек пішінді шағын таудың ұзындығы мен ені 1,5 – 2 км. Беткейлері көлбеу, сәл тілімденген. Таудың солтүстік етегінен Ащыайрық, оңтүстігінен Қараайрық өзендері ағып өтеді.

Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырағында бұта аралас бетеге, қау, теріскен, қараған, т.б. шөптесіндер өскен.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Абай ауданы (Абай облысы) таулары