Көктұма, Бақты – Алакөл алабындағы өзен.

Географиялық орны Абай облысы Мақаншы ауданы жерінде. Ұзындығы 65 км, су жиналатын алабы 1360 км².

Бастауы Тарбағатай тауының оңтүстік беткейіндегі бұлақтардан басталып, Бақты ауылының тұсында Еміл өзеніне құяды.

Гидрологиясы Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Жалпы ұзындығы 28 км болатын 6 саласы бар. Жайылмасында құрақ, қамыс өседі. Сағасы батпақты.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Мақаншы ауданы өзендері Санат:Алакөл су алабы