Көксеңгір – Шыңғыстау жотасының батысындағы оқшауланған тау массиві.
Географиялық орны Абай облысы Абай ауданы Байқошқар ауылының оңтүстік-шығысында 52 км жерде орналасқан. Шаған өзенінің төменгі ағысында.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1013 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 9 км-ге созылып жатыр, енді жері 7 км. Таудың солтүстік беткейі тіктеу, жартасты, оңтүстік, оңтүстік-шығыс беткейлері көлбеуленіп жазыққа айналады. Оңтүстік беткейіндегі бұлақтардан Құрбақанас өзенінің салалары бастау алады. Солтүстігінде Қарақашық қонысы орналасқан.
Геологиялық ұрылымы Жер қыртысы палеозойдың кварцит, құмтас, әктас, конгломерат, эффузивті жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Баурайындағы қоңыр топырақ жамылғысында далалық өсімдіктер, бұта өседі. Мал жайылымына қолайды.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Абай ауданы (Абай облысы) таулары