Көкөзек-2 – Мыржық жотасының солтүстігіндегі қыстау. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Айрық ауылының солтүстік-шығысында 25 км жерде орналасқан. Түндік өзені аңғарында. Жонды-белесті келген қыстаудың маңында ұсақ тұзды көлдер, солтүстігінде Балтабек көлі мен Сарықияқ жайлауы, шығысында Айғыркөмген тауы, оңтүстігінде Сарықасқа көлі, батысында Үшқара тауы мен Айрық аңғары орналасқан. Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, селеу аралас дала өсімдіктері өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қарағанды облысы қыстаулары