Көкқатын, Жуан Садырбай – Сырдарияның солтүстік аңғарлық жайылмасында орналасқан көл.
Географиялық орны Қызылорда облысы Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінен оңтүстікке қарай 12 км жерде.
Гидрографикасы, сипаты Көлдің аумағы 3,9 км2, ұзындығы 6 км, ені 1,1 км, көлемі 3,2 млн. м3. Ол солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр. Жуан Садырбай жайылмасы осы көл арқылы суландырылады. Су деңгейі көтерілгенде оның тереңдігі 3–4 м-ге дейін жетеді, ал күзге қарай сабасына түсіп 1,5 – 2,0 м-дей ғана болады. Көл жағалауын қамыс, қоға басқан. Жайылмасы шабындыққа пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қазалы ауданы көлдері Санат:Сырдария су алабы