Көкдомбақ – Теңіз көлінің оңтүстігіндегі ұсақ шоқылы оқшауланған тау массиві.

Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы Ақтүбек ауылының оңтүстік-батысында 35 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 427 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 3 км.

Жер бедері, геологиялық құрылымы Беткейі жайпақ, пішіні доға тәрізді келген. Протерозой және девон жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, боз, жусан, т.б. дала өсімдіктері өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Нұра ауданы таулары