Көбен, Кубан – Жуанқұм құмындағы төбе.
Географиялық орны Қызылорда облысы Қазалы ауданы Тасарық ауылының солтүстік-шығысында 11 км жерде орналасқан. Қуаңдарияның аңғарында.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 71 м. Солтүстігінде Қалтөбе артезиан құдығы, шығысында Бұлақ артезиан құдығы, оңтүстігінде Түлкішоқат төбесі орналасқан.
Геологиялық құрылымы Жер бедері Қуаңдария өзенінің атыраулық аллювийлі шөгінділерінен түзілген.
Өсімдігі Құмды, сұр топырақ жамылғысында жусан, еркек шөп және астық тұқымдас өсімдіктер өседі.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Қазалы ауданы таулары Санат:Төбелер