Конюховское – Есіл алабында. Половинное көлінің солтүстік-батысындағы тұйық көл.

Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Конюхов ауылының солтүстік-батысында орналасқан. Теңіз деңгейінен 129,1 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 7,3 км2, ұзындығы 4,1 км, енді жері 3,8 км, жағалау бойының ұзындығы 13,4 км, ең терең жері 1,75 м, су жиналатын алабы 142 км2. Жағалауы жазық, түбінде тұнба балшығы шөккен. Жауын-шашын және жер асты суларымен толысады. Суы қарашаның басында қатып, сәуір айында ериді. Жағалауындағы қалың қамыс жергілікті шаруашылық қажетіне, ал көл құс өсіруге пайдаланылады.

Санат:Мағжан Жұмабаев ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы көлдері