Кемпіртөбе – Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 11 км жердегі оқшауланған төбе. Талас және Аса өзендерінің аңғарында орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 409 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1,5 км. Пішіні доға тәрізді келген. Беткейі жайпақ.
Өсімдігі Сортаң түсті қоңыр топырақ жамылғысында эфемерлі сұр жусан, баялыш, күйреуік өседі. Етегі мал жайылымдық.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Талас ауданы таулары Санат:Төбелер