Каолинит– силикаттар класындағы сазды минерал. Химиялық формуласы Al4[Sі4O10](OH)8. Қытайдағы фарфор сазы өндірілетін Коо-Лин тауының атымен аталған. Түсі таза күйінде ақ, көкшіл, қоспаларына қарай – қызыл, қара, ашық жасыл. Қатты 1 – 3, менш. салм. 2,6 г/см3. Каолинит топырақ құрамында, үгілу қабаттарында, ылғалды климат жағдайында континенттік су алаптары түбінде түзілген көмірлі тау жыныс қабаттарында кездеседі. Каолиниттің диккит және накрит деген полиморфтық түрлері бар. Бұл минералдарды 650 – 800°С-қа дейін қыздырғанда толығымен судан арылады. Каолинит керамика өндірісінде, фарфор мен фаянс, металлургияда шамот кірпішін, бұрғылау ерітіндісін дайындауға, құрылыста, қағаз өндірісінде, алюминий тотығын алуда қолданылады. “Қазақ Энциклопедиясы” Каолинит негізінен алюмосиликатты таужыныстардың морылуынан және төмен температуралы метасоматозда пайда болады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
Суреттер
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Химиялық қосылыстар Химиялық элеметтер
Санат:Силикат минералдар Санат:Алюминий минералдары