Зортүлкі – Арғанаты тауларының шығысындағы жота.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданында орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 736 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 20 км-ге созылып жатыр, енді жері 7 км. Жотаның беткейлері көлбеуленіп, бірте-бірте аласарып, төңірегіндегі жазыққа ұласады. Зортүлкі жотасынан Қаракеңгір, Сарыкеңгір өзендерінің көптеген салалары бастау алады. Солтүстігін Бүршіктікөл, Ащыкөл, батысын Басбайтал көлдері алып жатыр. Зортүлкінің етегінде бұлақтар бар.

Географиялық құрылымы Девон мен тас көмір жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Беткейлерінің қоңыр, бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында селеу, бетеге, қылқан селеу, жусан, тобылғы, т.б. өсімдіктер мен бұталар өседі. Етегі мал жайылымына қолайлы.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы таулары