Жітіқара ауданы — Қостанай облысының батыс бөлігіндегі әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы — 7 311,99 км². Орталығы — Жітіқара қаласы.

Географиялық орны Солтүстігінде Денисов, шығысында Қамысты аудандарымен, батысында Ресей Федерациясымен шектеседі.

Жер бедері солға|сүрмесіз|320x320 нүкте Ауданның аумағы шығысқа қарай еңіс келеді. Орал сырты үстіртінің орта бөлігін алып жатыр. Оның ең биік жері — ауданның оңттүстік-батыс жағындағы Жітіқара тауы (414 м). Кен байлықтарынан асбест, каолин сазы, құрылысқа жарамды тас, құм, әктас т.б. кездеседі.

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі Климаты шұғыл континенттік, қаңтардың орташа ауа температурасы — 17°С, шілдеде 20°С шамасында. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері шығыстан батысқа қарай 250 мм-ден 350 мм-ге дейін өзгереді. Жер беті сулары ауданның оңтүстік және шығыс шекараларымен ағып өтетін Тобыл өзенінен, оның сол салалары — Бозбие, Ақтастысай, Шортанды, Желқуар өзендерінен және Тобылдың бойында орналасқан кішігірім көлдерден тұрады. Топырағы қара, қызыл қоңыр карбонатты, оларда, көбінесе, бетеге мен жусан, селеу, өзен бойларында шалғынды шөптер басым өседі. Жабайы жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, саршұнақ, тышқандардың бірнеше түрі, құстардан кезқұйрық, бозторғай, бөдене, сары және ақ шымшық, қызғыш, қарға мен сауысқан мекендейді, өзен-көлдерде: қаз, үйрек, қасқалдақ, шағала кездеседі, аздап балық ауланады.

Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы,  КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 25508 31652 28252 25067 25917 56497 50441 46991 Тұрғындар саны – 47 661 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 44,76%, орыстар – 37,69%, украиндар – 7,42%, немістер – 3,39%, татарлар – 2,23%, беларустар – 1,55%, башқұрттар – 0,68%, молдовандар – 0,33%, корейлер – 0,25%, әзербайжандар – 0,24%, басқа ұлт өкілдері – 1,47%.

Әкімшілік бөлінісі 18 елді мекен 2 ауылдық, 1 қалалық әкімдік пен 8 ауылдық округке біріктірілген: Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021) Большевик ауылдық округіТургеновка ауылы 5 664 Жітіқара қалалық әкімдігі Жітіқара қаласы 1 34880Забелов ауылдық округі Забеловка ауылы 1 1326 Милютин ауылдық округі Милютинка ауылы 1 710Мүктікөл ауылдық округі Мүктікөл ауылы 2 470 Пригородный ауылдық әкімдігі Пригородное ауылы 1 1467 Приречный ауылдық округі Приречное ауылы 1 362 Степной ауылдық округі Степное ауылы 2 698 Тоқтаров ауылдық округі Тоқтаров ауылы 2 826Чайковский ауылдық әкімдігі Чайковское ауылы 1 640 Ырсай ауылдық округі Ырсай ауылы 1 389

Ірі елді мекендері Елді мекен Халқы (2021) Жітіқара 34880 Пригородное 1467 Забеловка 1326 Тоқтаров 737 Милютинка 710 Чайковское 640

Кәсіпорындары мен шаруашылығы Өнеркәсібі “Костанайасбест” акционерлік қоғамы, мемлекеттік “Жітіқара жылу энергетикалық компаниясы” қазыналық кәсіпорны, “Булудов” жекеменшік кәсіпорны, одан басқа нан, сүт зауыттары, т.б. кәсіпорындардан тұрады. Жітіқара аданының ауыл шаруашылығына пайдаланатын жері 440,5 мың га, оның ішінде жыртылған жері 259,2 мың га, шабындығы 1,3 мың га, жайылымы 180,0 мың га (2000). 1996 жылға дейін 10 астық, 2 қой, 1 көкөніс-сүт кеңшары және Львов тәжірибе станциясы болды. Қазір олардың негізінде ауданда 340-тан астам шаруа (фермер) қожалықтары мен 18 серіктестік құрылды.

Инфрақұрылымы Ауданда 30 мектеп, 1 мәдениет үйі, 2 кітапхана, 1 аудандық аурухана, 18 фельдшерлік-акушерлік, 6 дәрігерлік-амбулаторлық пункттер жұмыс істейді.

Экономикалық-әлеуметтік байланыстары Қостанай — Жітіқара темір жолымен және Қостанай — Жітіқара, Жітіқара — Забеловка, Жітіқара — Волгоградское — Жалтыркөл автомобиль жолдары арқылы жүзеге асырылады.

Дереккөздер

Санат:Жітіқара ауданы