Жыландыбұлақ – Ащысу өзені алабындағы өзен.

Географиялық орны Қарағанды облысы Бұқар жырау және Павлодар облысы Баянауыл аудандарының жерінде.

Бастауы Бастауын Рудничное көлінің солтүстік-шығысындағы Победа қонысының маңынан алып, Ащысу өзеніне сол жағынан құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 30 км. Суы қарашада қатып, сәуірде ериді. Арнасы өте тар. Жағалары тік жарлы келеді. Қуаңшылық жылдары тартылып қалады. Жайылмасында қыстаулар орналасқан. Жайылымы мал шаруашылығына қолайлы.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Баянауыл ауданы өзендері Санат:Бұқар жырау ауданы өзендері