Жиделі – Іле өзенінің оң тармағы.
Географиялық орны Алматы облысы Балқаш ауданы жерімен ағады.
Бастауы Көкөзек ауылы тұсында Іле өзенінен басталып, Әрден қонысының батысындағы құмға сіңіп кетеді.
Гидрологиясы Ұзындығы 123 км. Арнасы жайпақ, батпақ. Қар суымен толығады. Қарашаның 2-жартысында суы қатып, наурыздың соңында ериді. Жағалауында қамыс, құрақ өседі.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Іле су алабы Санат:Балқаш ауданы өзендері