Желтау – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының солтүстік шетінде, Егіндібұлақ ауылынан солтүстік-батысқа қарай 65 км жерде орналасқан тау. Батыстан шығысқа қарай 20 – 22 км-ге созылып жатыр, ені 6 – 7 км, ең биік жері 959 м.
Жер бедері Бір-бірінен оқшауланған шоқылардан тұрады, барлық жерде түпкі жыныстарының жер бетіне шығуы байқалады. Беткейлері тік құламалы, өзен аңғарларымен, сайлармен қатты тілімденген. Оңтүстік беткейлерінен Ащысу өзенінің сол саласы Қырғын өзенінің тармақтары басталады.
Геологиялық құрылымы Девон, ортаңғы және жоғарғы тас көмір гранитоидтарынан түзілген.
Өсімдігі Баяу дамыған күңгірт сары топырағында австрия жусаны, салқын жусан, бетеге, сұлыбас, қараған, өзен жылғаларында шөп аралас бидайық шалғындар кездеседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы таулары