Жекедісай – Ойыл алабында орналасқан өзен.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 40 км жерде, Қамыскөл көлінің шығысында жатыр. Ұзындығы 40 км.

Бастауы Бастауын Ақшатау ауылының батысындағы бұлақтардан алып, Сарыбие ауылының оңтүстік-батысында Қамыскөл көліне жетпей сіңіп кетеді.

Гидрологиясы Суы қарашада қатып, сәуірдің басында ери бастайды. Жайылмасында қыстаулар орналасқан. Мал шаруашылығына пайдаланылады."Қазақ энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:Ойыл ауданы өзендері Санат:Ойыл су алабы