Сарықияқ, жауқияқ () – сукөріктер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанның көлдерінде, ағысы баяу су айдындарында кездесетін бір түрі – кәдімгі жауқияқ (S. aloіdes) бар. Биіктігі 50 – 100 см. Қысқа сабағы суға батып тұрады, тек гүлдеген кезде ғана, жапырағы мен гүлі су бетіне шығады. Жапырағы қалың, етжең, жиегі тікенекті, иректеліп келген, сабақты айнала орналасады. Ақ түсті гүлі – қос үйлі. Маусым – тамыз айларында гүлдейді. Жемісі – алты қырлы, жұмыртқа пішінді. Жауқияқты ірі қара мен шошқа сүйсініп жейді. Ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде пайдаланылады."Қазақ Энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:Сукөріктер