Жанғабылсор – Жайық алабындағы тұзды тұйық көл.
Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы жерінде орналасқан. Бұлдырты өзенінің төменгі ағысында, Қарақұдық ауылынан батысқа қарай 10 км жерде, теңіз деңгейінен 10 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы Аумағы 8,9 км2, ұзындығы 7,6 км, енді жері 2,2 км, жағалау бойының ұзындығы 39 км. Суы қарашада қатып, наурыздың аяғында ери бастайды. Солтүстігінде Бұлдырты өзеніне жетпей құмға сіңіп кетеді. Суы кермек, аздап сілтілі. Мал шаруашылығына пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Сырым ауданы көлдері Санат:Жайық су алабы өңірі