Жақсы Қаражал – Жаман Қаражал тауының солтүстік сілеміндегі тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданының шығыс шетінде, Қарқаралы ауданымен шектесетін Дария ауылының шығысынан 105 км жерде орналасқан. Солтүстік (Қоңыртөбе мен оның салалары) және оңтүстік (Керегетас) бағыттарда ағатын өзендердің суайрығы болып саналады. Батыстан шығысқа қарай 10 – 11 км-ге созылып жатыр, ені 1,5 – 2 км. Абсолюттік биіктігі ортаңғы бөлігінде 1088 м, шығысында 995 м.
Геологиялық құрылымы, жер бедері Девон мен тас көмір жыныстарынан түзілген. Беткейлері құламалы, кей жерлерде түпкі жыныстарының шығуы байқалады. Етегінен көптеген бұлақтар бастау алады.
Өсімдігі Таудың нашар дамыған бозғылт қоңыр топырағында бетеге, жусан, сұлыбас, тобылғы, қараағаш, т.б. өсімдіктер өседі. Етегінен көптеген бұлақтар бастау алады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары