Шілденің 11 — Григориан күнтізбесінде жылдың 192-ші күні (кібісе жылдарда 193-ші). Жылдың аяғына 173 күн қалады.

Мейрамдар

Бүкiләлемдiк шоколад күнi. Моңғолия, Халықтық төңкеріс күні

Оқиғалар 1576 — Фробишер Мартинының ағылшын экспедициясы Гренландияны ашты. 1700 — Берлин қаласында Неміс ғылым академиясының негізі салынды. 1919 — Нидерланд мемлекеті 8 сағаттық жұмыс уақытын енгізді 1933 — Женева қаласында есiрткiлерді бақылау бойынша халықаралық конвенция қабылданды. 1960 — Бенин, Буркина-Фасо және Нигер тәуелсіздіктерін жариялады 1975 — Қытайдың солтүстік-батысында ежелгі алты мың жауынгердің мүсіндері табылды. 1987 — Дүние жүзінің халқы саны 5 миллиардқа жетті 1995 — АҚШ-пен Вьетнам арасында дипломаттық қатынастар қалпына келтiрдi. 2010 — Футболдан Испания құрама командасы өз тарихында ең алғашқы рет әлем чемпионатын ұтты.

Дүниеге келгендер

1561 — Луис де Гонгора (1713), испандық ақын 1657 — Фридрих I (1713), Пруссия королі (1701—1713 жж.). 1732 — Жозеф Жером Лефрансуа де Лаланд (1807), француз астрономы. 1882 — Леонард Нельсон (1927), неміс философы және психолог 1903 — Рудольф Абель (шын аты Вильям Генрихович Фишер) (1971), кеңес барлаушысы 1916 — Александр Михайлович Прохоров (2002), физик-академик, 1964 жылдың Нобель сыйлығының лауреаты.

Қайтыс болғандар

1593 — Джузеппе Арчимбольдо(1527), италияндық суретшісі 1679 — Уильям Чемберлейн, ағылшын ақыны 1896 — Эрнст Курциус (:en: Ernst Curtius) (1814), неміс археологы, антик дәурінің тарихшысы. 1909 — Саймон Ньюкомб (1835), американдық астроном және математик 1971 — Педро Родригес (1940), аңызға айналған мексика автожарысшысы 1974 — Пер Фабиан Лагерквист (1891), швед жазушысы, 1951 жылдың Нобель сыйлығының лауреаты.

Сыртқы сілтемелер

Санат:11 шілде