Рейнланд-Пфальц () — Германия жері. Астанасы — Майнц. Тарихы Рейнланд-Пфальц жері 30 тамыз 1946 жылы француздық оккупациялық күшінің бас қолбасшысы генерал Пьера Кёнигтің №57 жарлығына байланысты құрылған.

Бұл жер бірнеше әртүрлі бөлімдерден - Бавариялық Пфальца, прусстық прирейндық ауданындағы Кобленц және Трир, бұрынғы прусстық ауданы Гессен-Нассаудың төрт округі, Гессен леворейндық ауданынан тұрады. 30 тамыз 1946 жылы: жерге байланысты конституция жасаушылар комиссиясы құрылды. 17 қараша 1946 жылы: бірінші предпарламент сайлауы өтті, 127 өкілден тұратын. 2 желтоқсан 1946 жылы: Рейнланд-Пфальц жеріне үкімет құрылуына байланысты келісім сөздер жүргізілді. Келісім сөздің бастаушысы Рейнланд-Гессен-Нассаудың оберпрезиденті Вильгельм Боден болды. Үкімет 8 министр мен премьер-министрден тұрды. Министрлердің бесеуі Христиан-демократиялық одағының, екеуі Социал-демократиялық партиясының және бір министр Коммунистік партиясының құрамында болды. 25 сәуір 1947 жылы: Адольф Зюстерхен(Dr. Adolf Süsterhenn) ұсынысымен жер конституциясы туралы проект қабылданды. 18 мамыр 1947 жылы: жаңа конституциясына байланысты алғашқы халықтық парламент сайлауы өтті. Бұл сайлауға 77,7 % сайлаушылар қатысты.

Бірінші парламент орындары былай орналысты: Христиан-демократиялық одағы (CDU) - 48 орын Социал-демократиялық партиясы (SPD) - 34 орын Коммунистік партиясы - 8 орын Либерал-демократиялық партия (LDP)* - 7 орын Социалдық халық одағы (SV)* - 4 орын

*11 желтоқсан 1948 ж. LDP фракциисы мен SV қосылып, FDP — Еркін демократиялық партиясы болып құрылды.

Алғашқы парламент жиналысы 4 маусым 1947 ж. Кобленцтегі үлкен залда болды. 9 шілде 1947 ж. премьер—министр Вильгельм Боден отставкаға кетті. Жаңа премьер—министр болып Петер Альтмейер сайланды, ол өз орнында 19 мамыр 1969 ж. дейін отырды.

Рейнланд-Пфальц жерінің премьер-министрлері: Вильгельм Боден 2.12.1946 ж. - 9.7.1947 ж. Петер Альтмейер (CDU) 9.7.1947 ж. - 19.5.1969 ж. Гельмут Коль (CDU) 19.5.1969 ж. - 2.12.1976 ж. Бернхард Фогель (CDU) 2.12.1976 ж. - 8.12.1988 ж. Карл-Людвиг Вагнер (CDU) 8.12.1988 ж. - 21.5.1991 ж. Рудольф Шарпинг (SPD) 21.5.1991 ж. - 15.10.1994 ж. Курт Бек (SPD) 20.10.1994 ж. бастап

География Орналасуы Рейнланд-Пфальц жері Германияның батысында орналасқан. Солтүстік Рейн-Вестфалия федералды жері, Гессен, Саар, Баден-Вюртембергпен және де Бельгия, Франция, Люксембург сияқты мемлекеттермен шекараласады. Су ресурстары Рейнланд-Пфальц жері арқылы Рейн, Мозель, Саар және Лан өзендері ағады. Ірі өзендерден басқа көптеген шағын өзендер ағады.Олар Наэ, Зауер (Sauer), Оур (Our), Глан (Glan), Зиг, Вальдлаутер (Waldlauter), Вислаутер (Wieslauter), Ваисбах-Ақ өзені (Wiesbach), Оттербах (Otterbach), Эрленбах (Erlenbach), Михельсбах (Michelsbach), Пфримм (Pfrimm), Ханенбах (Hahnenbach), Зиммербах (Simmerbach), Гульденбах (Guldenbach), Эллербах (Ellerbach), Ар (Ahr), Прюм (Prüm), Энц (Enz), Нимс (Nims), Шварцбах (Schwarzbach), Хорнбах (Hornbach), Киль (Kyll), Дрон (Dhron), Лизер (Lieser), Альф (Alf), Вид (Wied), Зельц (Selz), Нистер (Nister), Аар (Aar).

Рейнланд-Пфальцнің ең үлкен өзені болып Кобленца қасындағы Laacher See болып табылады.

Таулары

ЮНЕСКО-ның әлемдік мұрасы ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізімінің ішінде Рейнланд-Пфальц жерінің төрт назар аударарлық орындары бар. 1981: Шпайер соборы 1986: римдық Трирмен (Августа Треверорум) қоса Порта Нигра қақпасы, амфитеатр, терм кайзері, Константин базиликасы, шіркеу және Либфрауэнкирхе 2002: Бинген және Кобленц қалаларының арасында орналасқан Орталық Рейнаның үстінгі жағы. 2005: Рейнброль және Нойштадт-на-Дунае елді мекендерінің аралығында, ұзындығы 550 км болатын Верхнегерман-ретийлық лимес.

Аудандар

1 Арвайлер, (AW) 2 Альтенкирхен, (AK) 3 Альцай-Вормс, (AZ) 4 Бад-Дюркхайм, (DÜW) 5 Бад-Кройцнах, (KH) 6 Бернкастель-Виттлих, (WIL) 7 Биркенфельд, (BIR) 8 Кохем-Целль, (COC) 9 Доннерсберг, (KIB) 10 Айфель Битбург-Прюм, (BIT) 11 Гермерсхайм (GER) 12 Кайзерслаутерн, (KL) 13 Кузель, (KUS) 14 Майнц-Бинген, (MZ) 15 Майен-Кобленц, (MYK) 16 Нойвид, (NR) 17 Рейн-Хунсрюк, (SIM) 18 Рейн-Лан, (EMS) 19 Рейн-Пфальц, (LU) 20 Южный Вайнштрассе, (SÜW) 21 Юго-западный Пфальц, (PS) 22 Трир-Саарбург, (TR) 23 Вульканайфель, (DAU) 24 Вестервальд, (WW)

Еркін қалалар (Kreisfreie Städte) Франкенталь, (FT) Кайзерслаутерн, (KL) Кобленц, (KO) Ландау-ин-дер-Пфальц, (LD) Людвигсхафен, (LU) Майнц, (MZ) Нойштадт (Вайнштрассе), (NW) Пирмазенс, (PS) Шпайер, (SP) Трир, (TR) Вормс, (WO) Цвайбрюккен, (ZW)

Тұрғыны 20 мыңнан асатын қалалар 30 шілде 2010 жыл бойынша Майнц 198,1 Ландау 43,5

Людвигсхафен 163,7 Пирмазенс 40,6

Кобленц 106,4 Цвайбрюккен 34,0

Трир 104,4 Идар-Оберштайн 30,5

Кайзерслаутерн 99,2 Андернах 29,6

Вормс 81,7 Бад-Нойенар-Арвайлер 27,5

Нойвид 64,5 Бинген 24,2

Нойштадт 52,9 Ингельхайм 24,1

Шпайер 49,8 Гермерсхайм 20,5

Франкенталь 46,9 Хаслох 20,5

Бад-Кройцнах 43,8

Аумақтар

Экономика Газ саласындағы мамандарды дайындаушы орталық болып саналады (ЖШС «Газпром» - мен бірге).

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер www.rlp.de — Рейнланд-Пфальцтың ресми сайты

*