Уақит Шәріпов (22.12.1915 жылы, бұрынғы Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы Қазақстанның 40 жылдығы атындағы кеңшар — 18.2.1970, Алматы) — ғалым, техника ғылымдарының докторы (1963), профессоры (1965). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
Өмірбаяны Қазақ тау-кен металлургия институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1940). 1940 — 1942 жылдарына Жезқазған кен-металлургия комбинатында ауысым, шахта бастығы 1946 — 1947 жылы Қазақ КСР-і Мемлекеттік жоспарлау бөлімінде кеңесші, бөлім бастығы 1947 — 1970 жылдарына Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Кен ісі институтының кіші, аға ғылыми қызметкер, лабораториялық меңгерушісі болды.
Ғылыми жұмыстары Шәріповтің негізгі ғылыми еңбектері тау-кен жұмыстарын автоматтандыру мен механикаландыру теориясына, кен қазуда өздігінен жүретін машиналарды кеңінен қолдану мәселелеріне арналған. 2 өнертабыстың авторы.
Марапаттары КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері (1970). 2-дәрежелі Отан соғысы Қызыл жұлдыз ордендері бірнеше медальдармен марапатталған.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Жезқазған кен-металлургия комбинаты тұлғалары Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан механиктері Санат:Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Кен ісі институты қызметкерлері Санат:Кен ісі институтының профессорлары