Лорен Зинеб Нора Тальхауи (, ), Лорин (Loreen) лақап атымен танымал (16 қазан 1983, Стокгольм)KP: Loreen KP11 2011 — шығу тегі мароккан-бербер шведтік әнші, Швецияның өкілі ретінде «Eurovision 2012» ән байқауының жеңімпазы.
Өмірбаяны Өзінің шығармашылық жолын танымал шведтік «Idol 2004» музыкалық байқауында бастады. Байқауда төртінші орынға қол жеткізді.
2005 жылы «Rob’n’Raz» тобымен бірлесіп, өзінің «The Snake» атты дебюдтік синглін шығарды. Кейін «TV11» телеарнасының жүргізушісі ретінде болған.
2012 жылдың 10 наурызында Швецияда танымал «Melodifestivalen» телебайқауының жеңімпазы атанды. Осы жеңістен кейін, ол жыл сайынғы «Eurovision» ән байқауына қатысуға құқығын алды.Sweden: Loreen winner of Melodifestivalen! | News | Eurovision Song Contest — Baku 2012 Оның «Euphoria» өлеңі 24 мамыр күні екінші жартылай финалында орындалды және дауыс беру нәтижесінде әнші финалға шықты. 2012 жылдың 26 мамыр күні Әзербайжанның Баку қаласында байқаудың финалы нәтижесінде 372 ұпай жинап Лорин «Eurovision 2012» байқауының жеңімпазы атанды.
Мені шабыттандыратын музыка, ол трансқа ұқсас күйге ендіретін музыка. Мелодиясымен және вокалымен. Бұл Бьорк секілді орындаушылар, Эния музыкасынан аздап және әсіресе Лиза Джеррард http://www.loreen.se/#biography.
Дискографиясы Жыл Синглы Жоғарғыпозициясы(SWE)SwedishCharts.com: Loreen page2005«The Snake» (feat. Rob'n'Raz)—2011«My Heart is Refusing Me»9«Sober»392012«Euphoria»1«If She’s The One» —
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
YouTube-тегі видеосы
Санат:Швеция әншілері Санат:Eurovision ән байқауының жеңімпаздары Санат:Eurovision ән байқауы 2012 қатысушылары Санат:Eurovision ән байқауы 2023 қатысушылары Санат:Melodifestivalen қатысушылары Санат:Eurovision ән байқауындағы Швеция өкілдері Санат:Melodifestivalen жеңімпаздары